Вернуться в каталог
Көк тудың желбірегені
Торжественная песня для школьных мероприятий и разговора о характере музыки.
Текст песни
Көк тудың желбірегені — Қазақтың асқақ беделі. Махаббат, қайрат екеулеп, Шымырлатқаны денені. Көк тудың желбірегені — Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту, Жан емес, маған керегі — Көк тудың желбірегені. Көк тудың желбірегені — Елдіктің асқақ өлеңі. Әр жаққа тартпай, Қазағым, Бір сөзге жинал дегені. Көк тудың желбірегені — Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту, Жан емес, маған керегі — Көк тудың желбірегені. Көк тудың желбірегені — Бақыттың елжірегені. Қиырда қалған қазақтың, Азат Отанға жете алмай, Көзінің мөлдірегені. Көк тудың желбірегені — Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту, Жан емес, маған керегі — Көк тудың желбірегені.
родинаотан4 класс4 сыныппатриотическая
