Karaoke
Вернуться в каталог

Бір бала

Материал для 5 класса: можно связать исполнение с темой лада, мелодии и выразительности.

Текст песни

1. Талдан таяқ жас бала таянбайды,
Бала бүркіт түлкіден аянбайды.
Угай-ай, ән салшы-ай, бір бала-ай,
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.

2. Елдің көркі, ақ тоты бір баласың,
Қай дұшпан көзі қиып жамандайды?
Угай-ай, ән салшы-ай, бір бала-ай,
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.

3. Айналайын, қарағым, келдің қайдан?
Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан.
Угай-ай, ән салшы-ай, бір бала-ай,
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.

4. Мекеніңді, қарағым, айтып қойшы,
Жат болмағы адамның осындайдан.
Угай-ай, ән салшы-ай, бір бала-ай,
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.
5 класс5 сыныпнароднаяхалықтықнота

Похожие песни

—